Қаржы және есеп кафедрасына Польшадан оқытушылар келді

10 қазан, 2023

"САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ" ТДМ 4-ті іске асыру шеңберінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Қаржы және есеп кафедрасына Польшадан оқытушылар келді. 
Мақсаты - шетелдік жоғары оқу орындарының интеграциясы мен тәжірибесін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.
Күтілетін нәтижелер - білім берудің жоғары сапасы.
Ева Рауба - Белосток технологиялық университетінің инженерлік Менеджмент кафедрасының доценті.
Малгожата Рауба - Белосток технологиялық университетінің Құрылыс және қоршаған орта ғылымдары кафедрасының доценті.
Еуропалық әлеуметтік қор шеңберінде Еуропалық Одақ бірлесіп қаржыландыратын "ZIREG - Zintegrowany Program Politechniki białostockiej na rzecz Rozwoju Regionalnego" жобасы аясында "БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ" жедел бағдарламасы аясында поляк әріптестерінің "Жаһандық сын-тегеуріндер мен білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері" семинар-тренингіне қатысуы жоспарлануда. Қаржы және есеп кафедрасы өткізетін: сабақтарға қатысу, дидактикалық процеске қатысты тәжірибе алмасу және бірлескен жобалар мен бағдарламаларда одан әрі ынтымақтасты дамыту 28.08.2023 жылдан 22.09.2023 жылға дейін.