- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қаржы және есеп» кафедрасымен халықаралық семинар-тренинг өткізілді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қаржы және есеп» кафедрасымен халықаралық семинар-тренинг өткізілді
![](/storage/news/223007664665243922ce2af256027427_38068.jpeg)
14 қыркүйек 2023 жыл
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қаржы және есеп» кафедрасы Белосток технологиялық университетінің «Zireg-Zintegrowany Program Politechniki Białostockiej Na Rzecz Rozwoju Regionalnego» жобасы аясында, сонымен қатар «Сапалы білім» тұрақты дамудың 4 мақсаты (ТДМ) аясында «Жаһандық сын-қатерлер мен білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында мамандарды даярлаудағы заманауи тәсілдер» атты халықаралық семинар-тренингін «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен Польшадан келген оқытушылар Эва Рауба және Малгорзата Раубаның (Белосток технологиялық университеті https://pb.edu.pl/) қатысуымен өткізді.
Семинар-тренингте келесідей мәселелер талқыланды: Қазақстандағы ғылыми гранттық жобаларды дайындау; Белосток технологиялық университетіндегі білім беруді цифрландыру; студенттерді оқытудың онлайн-курстарын енгізу және өткізу; білім берудегі инновациялар; университеттердің цифрлық инфрақұрылымы: проблемалары мен болашағы; білім берудің цифрлық моделінің мәселелері қарастырылады; жасанды интеллекттің жоғары оқу орындарына әсері. Семинар-тренингтің қорытындысында мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерінде қарастырылып жатқан мәселелерді талқылау мақсатында ашық пікірталас өтті.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)