- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) "KASE FEST" қазақстандық брокерлер жәрмеңкесін өткізеді
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) "KASE FEST" қазақстандық брокерлер жәрмеңкесін өткізеді
![](/storage/news/185206744865243c6d84e62370479670_38263.jpeg)
Әл-Фараби атындағы Жоғары Экономика және бизнес мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы мен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) бірлесіп, Биржаның 30 жылдығы және "Биржалық симулятор" жобасының 15 жылдығы қарсаңында ТДМ 4 шеңберінде: сапалы білім беру, ТДМ 8 "Лайықты еңбек және экономикалық өсу", ТДМ 17 – орнықты даму мақсаттары үшін әріптестік аясында 2023 жылдың 16 қазанында сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін "KASE FEST" қазақстандық брокерлер жәрмеңкесін өткізеді.
Іс-шара бағдарламасында Алматы қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығы өкілдерінің, кафедраның ПОҚ қатысуымен, студенттердің, сондай-ақ басқа ЖОО оқытушыларының сөз сөйлеуі жоспарлануда. Аталған іс-шара оқу орындарының студенттерін қоса алғанда, әлеуетті бөлшек инвесторларды барынша қамтып, бағалы қағаздар нарығынтанымал ету мақсатында өтқізіледі, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, Қазақстан азаматтарын жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламалары және ұлттық компаниялардың IPO/SPO өткізуі туралы уақтылы хабардар етуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)