«Менталды денсаулық» тақырыбында жүргізілген психологиялық тренинг.

9 қазан, 2023

ТДМ.3 Деңсаулық пен амандық

6B03208«Сандық архив және құжаттану» мамандығы бойынша білім алатын, 1 курс студенттерін жаңа ортаға бейімдеу мақсатында, «Керемет» денсаулық орталығының  білікті психолог маманы психологиялық тренинг сабағын жүргізді. Сонымен қатар, екі жақты пікір алмасып, студенттерді денсаулыққа қатысты толғандыратын сұраққа жауап берілді. Өткізілген іс-шара студенттерге қызықтыратын және ойландыратын әсер берді. Нәтижесінде, қатысушылар, келешекте өздеріне қатысты түйінді мәселелер туындалған жағдайда, кеңес алу үшін осы мамандарға жүгіну мүмкіншілігіне келісті.