Вальядолид университетінде Erasmus+ бағдарламасы аясында оқуға өтінім қабылдау басталды

9 қазан, 2023

      Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттары!

Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті Вальядолид университетімен (Вальядолид, Испания) Erasmus+ Халықаралық кредиттік ұтқырлық бойынша 2023-2024 академиялық жылдың көктемгі семестрінде оқуға тапсырыс беруге конкурс жарияланғаны жайында хабарлайды!

Бұл конкурсқа бакалавр және магистратурада оқитын студенттер қатыса алады.

ECTS талаптары: таңдалған талапкерлер Вальядолид университетінде 20-дан 30-ға дейін ECTS кредитін игеруі керек. Кредиттерді қайта есептеген кезде кредиттердін саны жеткіліксіз жағдайда студенттің өтінімі қабылданбайды (1 ECTS = 25 академиялық сағат)

Үміткерлер төмендегі сілтемеге өтіп, бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады:

https://uvamobplus2.uva.es/publico/inicio

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 20.10.2023

Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қосымша мәлімет алу үшін төменгі сілтемелерге өтуіңізді сұраймыз:

https://uvamobplus2.uva.es/publico/inicio

https://erasmusplusuva.wordpress.com/