ҚазҰУ командасы IAAR Форумына қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аккредиттеу және лицензиялау қызметінің командасы IAAR форумына қатысты. Астана қаласында өткен іс-шараға Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі EQAR Еуропалық реестрдің, INQAAHE, INQAAHE, CHEA US, IQA сияқты ұйымдар басшылары мен мүшелерінің қатысуымен өтті.
Форумда білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін дамытудың маңызды аспектілері қаралды. Сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету, сапа мәдениетін арттыру және академиялық қоғамдастық пен әлемдік еңбек нарығы арасында сындарлы өзара іс-қимыл орнату мәселелері талқыланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы Қазақстан, Бельгия, Үндістан, Малайзия, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова және Армениядан келген мемлекеттік органдар, халықаралық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету желілері және жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, тәжірибе мен білім алмасудың бірегей мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. ҚазҰУ қызметкерлері «білім беру жүйесін дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен трендтер» және «цифрлық трансформация жағдайында ғылыми және білім беру модельдері мен технологияларын дамыту» сияқты екі негізгі мәселені талқылауға белсенді қатысты.
ҚазҰУ командасының осы форумға қатысуы жалпы білім беру сапасын арттыруға деген ұмтылысын айқындайды. Оқу орнының білім мен ғылым саласындағы әлемдік аренада ынтымақтастыққа дайындығын көрсетеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі