Жердегі экожүйелерді сақтау. ТДМ 15
6 қазан, 2023

06.10.2023 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы Тилегенова Дидар 4 курс 406 топ студенттерімен ТДМ мақсаттарының бірі – Жердегі экожүйелерді сақтау тақырыбында ашық пікірталас өткізді. Жердің экожүйелері адам өмірінде маңызды рөл атқарады - олар адамдардың тіршілік ету ортасын және көптеген азық-түлік ресурстарын қамтамасыз етеді. Жаһандық экологиялық проблемаларға байланысты әлем табиғатты қорғау үшін күресуде. Сондай-ақ, Қазақстанда заңнамалық деңгейде экологиялық бөлігінде өзгерістер байқалатынын ескеру қажет. Осы мәселелер ашық пікірталаста талқыланып, барлық оқушылар белсенді қатысып, табиғатты қоршаған ортаға зиян келтірмей қорғаудың түрлі жолдарын ортаға салды.
Басқа жаңалықтар

23 тамыз, 2025