Лайықты еңбек және экономикалық өсу ТДМ 8

2 қазан, 2023

   2023 жылдың 2 қазанында «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» 8-ші Тұрақты даму мақсаты аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты,  Г.С.Қалиева 3 курс студенттерімен ғылыми семинар өткізді. 
   8 Тұрақты даму Лайықты еңбек және экономикалық өсу зерттеу іс-шарасы инклюзивті және тұрақты экономикалық өсуді, толық және өнімді жұмыспен қамтуды және барлығы үшін лайықты еңбекті ынталандыруға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Іс-шарада сондай-ақ ұлттық қаржы институттарының банктік, сақтандыру және қаржылық қызметтерге барлығына қолжетімділікті ілгерілету және кеңейту мүмкіндігін күшейту керектігі атап өтілді.
   Лайықты еңбек және экономикалық өсу – бұл өз функцияларына сәйкес ақылы еңбекті қолдау және ынталандыру жалпы ішкі өнімді арттыру бастамасы.