ТДМ 8-мақсат «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу»

2 қазан, 2023

02.10.2023 жылы кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Г.А. Куаналиева заң факультетінің 2-курс студенттерімен тұрақты дамудың 8-мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуінің бірде-бір негізі – ақша жүйесінің құқықтық негіздері талқыланды. Ақшаның шығу тарихы, еліміздегі ақша реформалары, экономикалық өсудің қаржы құралдары және т.б. баяндамалар талқыланды.

Сонымен қатар, 2-курс студенттерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық Музейіне барып еліміздің ақша тарихы туралы мағлұмат алдық.