«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» атты байқау басталды
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы басталды.
Жобаның мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.
Конкурсқа барлық тұлғалар, оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Байқау қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар сынды бағыттар бойынша өткізіледі. Конкурс екі кезеңнен тұрады. Яғни, іріктеу және финал.
Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі. Конкурстың финалдық кезеңі 2023 жылды 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2023 жылы 10 қарашаға дейінгі мерзімде konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Байқауға қатысты толық ақпаратты 8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06 байланыс телефоны арқылы ала аласыз.