2023 жылғы 9 қазанда №3 Тұрақты даму мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік қалашығында воркаут-алаңының салтанатты ашылуы өтті.

9 қазан, 2023

Аталған Workout алаңы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы қарсаңында заң факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамының сыйы ретінде ұсынылды. 
Қызыл лентаны кесудің құрметті құқығы атақты спортшыға, каратэден әлем чемпионы заң факультетінің 1 курс студенті Төлеген Бекнар Анарбекұлына берілді.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде мұндай спорт алаңы жастардың бос уақытын ұйымдастырудың тиімді және сұранысқа ие нысандарының бірі болатынын, сондай-ақ денсаулықты нығайтуға, студенттердің спортқа деген оң көзқарасын қалыптастыруға қызмет ететінін атап өтті. 
Заң ғылымдарының докторы, кафедра профессоры Есіл Шәріпбайұлы Рахметов мұндай Workout алаңы студенттердің жақсы дене шынықтыруын қолдауға және жастарға қызықты бос уақытын ұйымдастыруға арналған құрал ретінде әрекет ететінін, сондай-ақ жастарды спортпен шұғылдануға ынталандыратын итермелеу тәсілдерін көрсететінін атап өтті.
Кафедраның оқытушы-эдвайзері Тилегенова Дидардың жетекшілігімен 3 курс студенті Орлова Даниэлланың халық биі дайындалды, мың бұрылған бишіміз би байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері болып табылады.
Воркаут алаңының ашылуына кафедраның барлық профессорлық-оқытушылық құрамы және білім алушылар қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімі «шашу» рәсімімен, әндер мен билерді қамтитын концерттік бағдарламамен, іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға тамаша көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлаған жылы достық атмосфераны құруға ықпал еткен студенттердің спорттық шоуымен сүйемелденді.

Басқа жаңалықтар