Оқытушының міндеті: ұлттық бірлік пен тәуелсіздік идеясы

15 желтоқсан, 2009

2009 жылдың 10 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қоғамның жаһандану үдерісіндегі оқытушының міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті және Алматы қаласы университеттерінің студенттері мен магистранттары, Египет пен Оңтүстік Кореядан келген қонақтар қатысты.

Қазіргі жағдайдағы оқытушыларға қойылатын жаңа талаптарға сай алуан түрлі пікірлер қатысушыларға республиканың оқытушы қоғамдастығын нығайту жұмыстарына арналды. 2001-2010 жылдар әлемдегі балалар құқығын қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жылы боп тағайындалды, бейбітшілік, жеке тұлғалар мен этника аралық толеранттылықты, әріптестік және плюрализмдік идеяларды кеңінен насихаттау.

Кездесудің алғы сөзінде сөйлеген жалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі Зәуре Исаева әлемдегі мәдени үдеріс тарих, мәдениет пен дәстүрге байланысты болады, әрі жалпы адами құндылықтардың жалпы көрінісін беретіндігін атап өтті.

Оңтүстік Кореядан келген қонақ Чве Хен Сок адамзат баласын гуманизмге тәрбиелейтін оқытушылар құрамының еңбегін жоғары бағалады.

Талқыланған мәселелер кең ауқымды болды. ХХІ ғасырда оқытушылардың көшбасшысы мен ғаламдық тұлға мағыналарының мәнін ашу және студенттердің қарым-қатынастарын реттейтін білікті маман ретінде танылу үшін жасалатын жұмыстар, т.б. Дағдарыс кезеңіндегі Қазақстанның этника аралық толеранттылық мәселелері, көпұлтты ортада әлеуметтік және Қазақстанның мәдени тұлғаларын тәрбиелеп шығару мәселелері қамтылды.

Жиын қонақтары жас оқытушылардың бейбітшілік жұмыстарын дамытуда арнайы бағыт-бағдар беретін қарар қабылдады. Ол құжатта қазақстандық ұстаздар «Оқытушылар өзара түсіністік пен бебітшілік үшін» атты халықаралық қозғалысқа қатысып, ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Бейбітшілік орталығы жұмыс істейтіндігін мәлімдеді. Сондай-ақ, мектеп ұстаздарына оқушылармен қақтығысқан жағдайда ақыл-кеңестер бере отырып, «Этника аралық толеранттылық», «Әлем мәдениеті және өзара түсіністік», «Коммуникативті мәдениет», «Мәдениеттер диалогы», т.б. курстар бойынша арнайы бағдарламалар негізінде ұсыныстар жасалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі