Қазақстан Республикасы жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Бесінші тұрақты даму мақсаты аясында 10 қазан күні "Археология" мамандығының 2 курс студенттері Алматы қаласы музейінің экскурсиясына қатысты.
Музейде студенттер қола дәуірінің әйелі диорамасымен танысуға, сол дәуірдің тұрмысын, еңбек құралдарын көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, студенттер ерте темір дәуірі мен ортағасырлардағы экспозициялармен танысып, археологиялық жәдігерлер мен Алматы қаласының 1000 жылдық тарихына тәнті болды.
Басқа жаңалықтар
26 желтоқсан, 2024
26 желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, 2024