ТДМ 7. Қолжетімді және экологиялық таза энергия.

12 қазан, 2023

Бүгінде дәстүрлі энергетикалық қуат көздеріне тиімді балама табу мәселесі күллі әлем жұртшылығын толғандырып отыр. Сондықтан қазіргі таңда әр мемлекеттің балама қуат көздерін табу жолында өздерінше зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика –техникалық факультеті, Плазма физикасы нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры  А.М.Жукешовтың "Қазақстандағы баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері" тақырыбында  Электроэнергетика мамандығының студенттеріне арналған сабақтан тыс дәрісі өтті. Іс-шара барысында жақын онжылдықта жалпы әлемдік және Қазақстандағы электр энергетикасының құрылымын өзгертуге қабілетті жаңартылатын энергия көздерінің даму әлеуеті туралы ғылыми жұмыстарға талдау жасалып, студенттермен ой бөлісті.  Сонымен қатар, энергетикалық саясаттың бағалармен, технологиялармен және шығындармен байланысты циклдылығына төтеп беру қабілетін көрсете отырып.