«Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы: мәселелері мен болашағы»

10 қазан, 2023

2023 жылдың 10 қазанында филология факультетінің №17 жатақханасында «ТМД 16. Индустриализация, инновация және инфрақұрылым» тұрақты даму жобасын жүзеге асыру аясында «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының оқытушысы филология факультетінің «6В02303- Шетел филологиясы» мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенттерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында ашық іс-шара өтті.

Шара барысында шетел филологиясы факультетінің студенттері Әлихан Әнел мен Арманқызы Самал индустрияландыру және инновация және оның қажеттілігі тақырыбында баяндамалар мен презентациялар дайындады. Сондай-ақ даму мен келешегі туралы мысалдар келтірді.

 

          Ұйымдастырушылар: Агабекова Б.Н.