Ғалымдардан алар тағылым мол

20 наурыз, 2015

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен өткен белгілі ғалым-публицист, жазушы, дінтанушы Бейбіт Сапаралымен кездесу болды.

«БАҚ және тарихи ақтаңдақ мәселелері» атты тақырыпта дәріс оқыған қоғам қайраткері қазақтың тәуелсіз, іргелі ел болуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы шынайы ақпаратқа ие болу, оны тарату өскелең ұрпақтың рухани кемелденуіне аса зор үлес қосатынын айтты.

— Бүгінгі БАҚ-тың негізгі міндеттерінің бірі – тарихи ақтаңдақтарымыз туралы мәліметтерді қоғамға дұрыс жағынан әрі дер кезінде жеткізу, — деді Бейбіт Төлеубайұлы. — Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне қатысты ақиқат деректерді білудің, осы елдің ел болуына жанын қиған арыстарды үйренудің практикалық маңызы ешқашан кеміген емес.

Шара барысында студенттер қоғамда өзекті болып отырған мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды. Ең мазмұнды сұрақтар қойған студенттерге Б. Сапаралы «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» атты айшықты кітабын сыйға тартты.

Факульттегі жаңару мейрамы Наурыз осылайша жастардың рухани әлемінің шуаққа толуымен басталып кетті.

Студенттік баспасөз орталығы