"Бернарда Альбаның үйі" қойылымы

13 қазан, 2023

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Жылуфизика және техникалық физика" кафедрасының 1-2 курс студенттері қазанның  3-жұлдызында «Бернарда Альбаның үйі» атты спектакльге барды. Спектакль әр студентке ұмытылмас әсер қалдырды. Ойланарлықтай әдемі қойылымның куәсі болды.
Туынды Бернарданың өз қыздарына моральдық озбырлығына қарсы бағытталған. Кенже қыз Адела билік пен тілек арасындағы қарама-қайшылықты ұсынатын автор идеясына тән «бүлікші» болады.
Бұл заманның әр кезеңдерінде қойылып, нақты оқиғалардан шабыттанған және сол кездегі әдет-ғұрыптар туралы үлкен сыни ойларға толы тың дүние.
Ар-намыс пен әлеуметтік нормалар озбырлығынан құтылғысы келетін Адела атты кейіпкердің бостандық пен өмірге деген құштарлығын тұншықтырушы ретінде, Бернарда кейпі шынайылықпен бейнеленді.