«Кедейлікті жою» ТДМ 1 іске асыру шеңберінде

12 қазан, 2023

2023 жылы 12 қазанда, 329 аудиторияда «Кедейлікті жою» ТДМ 1 іске асыру шеңберінде «Кедейлікті жоюдың шарты ретінде теңсіздікті азайту" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар модераторлары: з.ғ. д.,  кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры Г.А. Қуаналиева, з.ғ. к., доценті Б. М. Жугралина, з. ғ. к., доценті Б. С. Ашыралиева. Спикерлер: 2 курс магистранты М. Әбішева, 3 курс студенттері Махаббатқызы Шадияр және Амангелді Аяла. Семинардың мақсаты: жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу. Семинарда экономикалық өсуді арттыру және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар мәселелерді шешу жөніндегі күш-жігермен қатар қабылдануы тиіс кедейлікті жою мәселелері қозғалды.