ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат

13 қазан, 2023

2023 жылдың 14 тамызында физика-техникалық факультеті, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедасының оқытушысы, PhD докторант Тілеу Аян Оразбайұлы үшемнің (2 ұл, 1 қыз) әкесі атанды.

Шексіз қуанышқа кенелген нәрестелердің ата-анасын 2023 жылдың 6 қазанында физика-техникалық факультетінің Ғылыми кеңесінде ТДМ №3  "Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру" жүзеге асыру аясында физика-техникалық факультетінің деканы Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы, профессор Жанабаев Зейнулла Жанабаевич, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының меңгерушісі Ибраимов Маргулан Касенович, сонымен қатар физика-техникалық факультетінің ұжымы, "Парасат" кәсіподақ ұйымы шын жүректен құттықтап, жас отбасына қолдауларын білдірді.