Жол көлік оқиғаларының пайда болу қатерінің негізгі факторлары
10.10.2023 БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы аясында Тұрақты Даму Мақсаттары анықталып, оған қол жеткізуге БҰҰ әр мемлекеті ат салысып өз үлесін қосуда. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. Осы мақсаттарды (Тұрақты Даму Мақсаттарын) жүзеге асыру аясында 10 қазан 2023 жылы ҚазҰУ заң факультетінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен сағат 15.00-де «Жол көлік оқиғаларының пайда болу қатерінің негізгі факторлары» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек столға Алматы қ. Жетісу аудандық ПБ әкімшілік-іс тәжірибе бөлімінің басшысы майор Шайхиев Е. және Алматы қ. Жетісу аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Мақұлтаев М. шақырылып, қатысты. Дөңгелек стол барысында жол көлік оқиғаларының орын алуының негізгі факторлары қарастырылып, оларды жоюдың мүмкін жолдары талқыланды, жол апаттарының алдын алу мақсатында студенттерге жол жүру ережелері түсіндіріліп, оларды білу қажеттігі баса көрсетілді.
Ұйымдастырушылар: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.