Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар

13 қазан, 2023

13.10.2023 "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" № 16 ТДМ тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы мен мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен бірлесіп  «Дербес деректерді құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық қорғаудың ерекшеліктері» атты Вебинар өткізді. Модераторлар: Рима Еренатқызы Джансараева – қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор; Қуаныш Аратұлы – PhD докторы, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Баяндамашылар: Сырым Нуртаевич Жумакадыров – ХАТУ түлегі, BilimLab компаниясының директоры, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының магистранты; ; Сымбат Жансериковна Кабулова – қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты.

Басқа жаңалықтар