Бір жыл ішінде 100 кітап оқу

5 қазан, 2023

ЭжБЖМ Экономика кафедрасы 2023 жылдың 5 қазан күні Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 4 - Сапалы білім беру) қол жеткізу бойынша университет түлегі  Қанат Әбдірайымовпен «Бір жыл ішінде 100 кітап оқу» тақырыбында көшбасшылық кездесу ұйымдастырды. Қазіргі уакытта білім алушылардың кітап оқу құзыреттілігі, кітап оқу -  қоғамда сауатты, білімді, парасатты тұлғаны қалыптастыру тұрғысында маңызды. Кітап оқу біліммен ғана сусындатып қоймай, адамның жан-жақты қалыптасуына септігін тигізетіні анық.

Кездесуге 6В04103-Экономика, 6В04109 – Цифрлық экономика білім беру бағдарламаларының студенттері, кафедраның оқытушылары қатысты.

Қанат Тұрсынбайұлы жастарға кітап оқуға қатысты құнды ұсыныстар беріп қана қоймай, студенттерге банк саласындағы тәжірибесімен, қазақстандық кейстермен бөлісті. Қызықты да тартымды әңгіме өрбіді. ҚазҰУ түлектерінің табысты кәсіби және тұлғалық өсу тәжірибелері жастарды болашақ озық нәтижелерге ынталандырады. Сондықтан осындай кездесулер білім алушылар үшін өте маңызды әрі қажет.