Кедейлікті жоюдың мәселелері: халықаралық аспектілері

12 қазан, 2023

12.10.2023 жылы, сағат 11:00 де 328 аудиторияда 17 қазан күні Кедейлікпен күрес халықаралық күніне орай,  Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен «Кедейлікті жоюдың мәселелері: халықаралық аспектілері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинар Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында өтті. БҰҰ-ның Тұрақты дамудың 1 мақсаты – «Кедейлікті жою». Ғылыми семинарды "Кеден, қаржы және экологиялық құқық" кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Г.А.Қуаналиева ашып берді. Өз сөзінде, кафедра меңгерушісі әлемдегі кедейлікті төмендету мақсатында атқарылған іс-шараларға тоқталып кетті. Кафедраның доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қ.Ж.Қуандықов "Кедейлікті жоюдың өзекті мәселелері" тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Ғылыми баяндамада дүние жүзіндегі Кедейлікті жоюдың өзекті мәселелері жан жақты талқыланды. Сондай-ақ, ғылыми семинарда сөз алған, кафедрамыздың доценті, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т.Айгаринова әлемдегі кедейлікті жоюды, тек бірлескен іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыруға болатынына тоқталды. Ғылыми семинар жұмысына Заң факультеті «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының Профессор - оқытушы құрамы және Заң факультеті мен география факультетінің 3 курс студенттері қатысты. Семинар соңында сөз алған, заң ғылымдарының докторы Е.Ш.Рахметов оқытушылар мен студенттерге осындай өзекті мәселеге арналған ғылыми семинар өткізгендері үшін алғыс айтты. Ғылыми семинар қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.

Басқа жаңалықтар