ТДМ 4.Сапалы білім

13 қазан, 2023

2023 жылдың 9-13 қазан аралығында теориялық және ядролық кафедрасының «6В05307-Ядролық физика», «7М05311-Ядролық медицина», «7М05312-Ядролық физика» білім беру бағдарламалары 1 курс студенттері мен магистранттары Қазақ-Британ техникалық университеті базасында жоғары энергия физикасы, үдеткіштер технологиясы, ядролық және радиациялық физика, медицина мен өнеркәсіптегі ядролық және радиациялық технологиялар бойынша 6-шы халықаралық мектебіне қатысты.

Мектепті ұйымдастырушылар: ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК, CERN – Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы, Қазақстан-Британ техникалық Университеті. Халықаралық мектепке алыс-жақын шетелдердің 7 елінен: АҚШ, Германия, Әзірбайжан, Италия, Қырғызстан және т.б. 50 ғалымдар мен мамандар қатысты. Мектеп соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.