ҚазҰУ студенттері Үндістанда Наурыз мерекесіне арналған концерт берді
Наурызды мерекелеу Дели қаласындағы Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан Елшіліктерімен ұйымдастырылды. Іс-шараға Үндістан Сыртқы істер Министрінің орынбасары Навтедж С.Сарна қатысты.
Делегация құрамындағы ҚазҰУ студенттерінің берген концертін жиналған қауым қуана қабылдады. «Бахыт» студенттік шоу-балетінің би сүйемелдеуімен халық әндері мен әуендері, сондай-ақ танымал қазақ авторлары мен композиторларының заманауи шығармалары орындалды. Көрермендер сонымен бірге наурыз-көже және басқа да қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық музыкалық аспаптар және киім-кешекпен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Үндістанда Наурызды мерекелеу шарасы осындай жоғары деңгейде және кең ауқымды түрде алғаш рет өткізілді.
Бұған қоса, сапар барысында Үндістандағы Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаев және ректор Ғалым Мұтанов бастаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы Ұлыбритания, БАӘ, АҚШ, Сингапур және т.б. әлемнің көптеген мемлекеттерінде филиалдары бар Үндістанның ірі ЖОО-ның бірі «Амити» университетіне барды. Кездесуде екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге ҚазҰУ студенттері «Амити» университетінің студенттік және профессорлық-оқытушы құрамына мерекелік концерт ұйымдастырды.
Сонымен қатар Үндістанға сапар шеңберінде ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов қазіргі уақытта әлем бойынша жылына 100 млн. оқырманы бар бүкіләлемдік «Британика» энциклопедиясының Азиялық бөлімі өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның тарихы және қазіргі кезеңдегі дамуы туралы энциклопедияның контентін сарапшы кеңесін құру арқылы толықтыру бойынша ҚазҰУ-ға айрықша құқық беру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Аталмыш келісімге энциклопедия өкілдерінің келесі айда Қазақстанға сапары барысында қой қою жоспарлануда.
ҚазҰУ делегациясы сонымен бірге ынтымақтастық орнату және тәжірибемен алмасу мақсатында Дели университеті және Үндістан технологиялық институтына баруды, Үндістанның адам ресурстарын дамыту министрлігінің жоғары білім Вице-министрі Сатьянарайан Моханти және Үндістан университеттері конфедерациясының Президенті Прия Ранджан Триведимен кездесуді жоспарлауда.
Баспасөз қызметі