"Алматы қаласының жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы" форсайт сессиясы

13 қазан, 2023

11-12 қазан AlmaU-да Алматы қаласы білім басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан "Алматы қаласының жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы" форсайт сессиясы өтті. 

Foresight (Форсайт) сессияның негізгі мақсаты–кәсіби қызмет салаларының өзгеруіне әсер ететін, уақыт өте келе дамитын үрдістерді анықтау және талдау. Болашақ сценарийлерін әзірлеудегі жетекші рөл өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар, саланың дамуына әсер етуші және болашақтың дамуына өзіндік көзқарасы бар салалық сарапшы мамандарға тиесілі.

Форсайтқа ҚазҰУ бейіндік мектебінің директоры  Есенова Камшат Ауғажықызы және кәсіби бағдар беру бойынша директордың  орынбасары Болысбеков Нұрбол Нұртазаұлы қатысты.  Форсайтта жойылып бара жатқан кәсіптерді анықтай отырып, 10 жылдан кейін қандай жаңа кәсіптер өзекті болатыны болжанды.