ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

15 қазан, 2023
  • Жансейіт Түймебаев «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Қытай Орталық Азияның жоғары білім беру саласындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция: индустрия мен білім берудің интеграциясы» атты ынтымақтастық форумына қатысты. 
  • Форумның қорытындысы бойынша Жансейіт Қансейітұлы Орталық Азия – Қытай ЖОО басшыларымен «Almaty» Консенсусына қол қойды және бірқатар бастаманы қабылдады. 
  • Ректор ҚазҰУ базасында Солтүстік - Батыс политехникалық университеті филиалының салтанатты ашылуына қатысты. 
  • Жансейіт Түймебаев Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал - майоры Арыстанғани Заппаровпен жүздесіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
  • ҚазҰУ басшысы Рабат қаласында Әл-Фарабидің мұрасын ұлықтауға арналған «Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты I халықаралық конференциясына онлайн қатысып, сөз сөйледі. 
  • Оқу ордасының ректоры Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэти Лич бастаған делегациямен кездесу өткізді. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Түркияның Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлымен кездесті.