ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы алғашқы Индустрия 4.0 модельдік фабрикасы құрылады
Tech Garden брендімен жұмыс істейтін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры «Өндірістік сектор консорциумдары: құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарламасының жеңімпазы атанды. Енді осы жоба аясында ҚазҰУ жанынан өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласындағы инженерлік құзыреттер орталығы ұйымдастырылады.
Бұл маңызды қадам өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласындағы инженерлік құзыреттер орталығын ұйымдастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Инженерлік құзыреттілік орталығын Индустрия 4.0 модельдік фабрикасы ретінде қарастыруға болады. Ол стартаптарға технологиялық операцияларды роботтандыру тұжырымдамаларын зерттеуге, көрсетуге және сынауға арналған бірегей алаң ұсынады. Шын мәнінде, бұл білімді, дағдыларды, мүмкіндіктерді тарату және әзірленген шешімдерді Қазақстанда да, шетелде де өнеркәсіптік компанияларға одан әрі енгізу үшін негізгі платформа болып саналады.
«Өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласындағы инженерлік құзыреттілік орталығын құру біздің тұрақты жұмысымыздың жалғасы және аталған бастаманы біз жедел жүзеге асыруға күш саламыз. Біздің жобамыз Қазақстанның өнеркәсіп саласын цифрландыруға қосқан үлесімізді арттыратынына сенімдіміз», – деді Tech Garden «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының бас директоры Бауыржан Канкин.
«Өнеркәсіптік робототехника саласындағы инженерлік құзыреттілік орталығы дарынды жастардың басын қосудағы жаңа тенденция болады. Онда олар өнеркәсіптік робототехника саласында өздерінің стартап-компанияларын құра алады», – деді ҚазҰУ инжиниринг және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры Әмірхан Темірбеков.
Орталықтың негізгі мақсаты – өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласында жаңа стартап-компанияларды жүзеге асыру. Бұл стартаптарды техникалық, қаржылық және желілік кедергілерді еңсеруде қолдауды қамтиды, олардың дамуына және сәтті іске қосылуына ықпал етеді.
Инженерлік құзыреттер орталығының жұмысын ұйымдастыру үшін күш біріктірген консорциум мүшелері:
Tech Garden «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ, «Автоматты қазандықтар» ЖШС, «Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Оңтүстік Дания Университеті және Русвис Хуланд АГ (Швейцария).
Орталық өз қызметін 2024 жылдың екінші тоқсанында бастайды деген жоспар бар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі