Тұрақты қалалар дамуында мәдени мұраны қорғау және сақтау бойынша күш-жігерді жандандыру

16 қазан, 2023

Жастар арасында Мәдени-тарихи қызмет пен саясатты дамыту мақсатында Қазақ Ұлттық Университетінің " Логистика мамандығының 4-курс студенттері үшін 14.10.2023 күні  Д.А.Қонаев мұражайына экскурсия ұйымдастырылған болатын. Экскурсия барысында  Болашақ қоғамды тұрақты дамыту мақсатымен, еліміздің дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан қазақтың ұлы тұлғаларының тарихи рөлін ашу тақырыбы аясында көптеген мәселелермен таныса алды. Оның ішінде тарихи, мәдени және табиғи мұраны қорғау, оны дамыту және "Рухани жаңғыру" бойынша күш-жігерді жандандыру сынды мәселелер студенттердің назарына ілінген болатын. Студенттер мұражайда Дінмұхамед Ахметұлының балалық шағын, қызмет еткен жылдарында қандай жетістіктерге жетіп, қандай марапаттардың иегері атанғанын, Қазақстан тарихындағы ең зиялы тұлғаның бірі әрі бірегейі атанған Д.Қонаевтың жеке өмірі туралы тың және қызықтырар ақпараттармен таныса алды. Сонымен қатар студенттер Д.А.Қонаевтың көзін көрген оның жеке мұрасын, қару-жарақтар мен сый-марапаттары туралы толықтай ақпарат ала алған болатын.  
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі 
"Бизнес және Технологиялар" кафедрасы
Экскурсия ұйымдастырушы Аға эдвайзер: Шарапиева Мадина Дузбайевна.