ҚазҰУ магистранты Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы РХДУ университетінің «RUDN International Scholarship» шәкіртақысын жеңіп алды

16 қазан, 2023

 

«Сапалы білім беру» тұрақты дамуының 4 мақсатын іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Халықаралық логистика» мамандығында білім алып жатқан 2-курс магистранты Ержанқызы АружанМәскеудегі Патрис Лумумба атындағы РХДУ университетінің «RUDN International Scholarship» шәкіртақысының иегері атанды.

Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы РХДУ университеті жыл сайын қос диплом бағдарламасы бағытында білім алатын магистранттарға «RUDN International Scholarship» шәкіртақысына қатысуға байқау жариялайды. Стипендия мақсаты – магистранттардың білімге, оқуға, ғылыми-шығармашылық танымға деген қызығушылықтарын арттыру.Стипендия бір реттік болып саналады, оның иесі 55 мың рубль (275 000 тг) алады.