Сапалы білім беруді тұрақты дамыту мақсаттарын іске асыру
6 қазан, 2023
Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының қазақ бөлімінің 203-204 топтарымен сапалы білім беруді тұрақты дамыту мақсаттарын жүзеге асыру барысында Алматы қаласындағы «Қамқорлық» қарттарға арналған интернат үйінде болды. Шара барысында студенттер жасы үлкен кісілермен кездесіп, әңгімелесіп, интернат үйіндегі қарттардың тыныс-тіршілігімен танысты. Олар концерт ұйымдастырып, ән айтып, би билеп, өлең оқып, домбыра тартып, қарияларға дастархан жайды. Бұл жастарға үлкендердің тәжірибесін үйренуге мүмкіндік болды.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024