Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы – 2024

13 қазан, 2023

   Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге арналған әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама байқауын жариялайды.

ЕГЕР:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
  • Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, 2024 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА МҮМКІНДІГІҢ БАР!

Бұл үшін 09.10 бастап 14.11.2023ж. дейін қор сайтында өтінімді толтыру және құжаттар пакетін ұсыну қажет.

Толық ақпарат үшін https://yessenovfoundation.org/kk/o-fonde/programmyi/nauka/nauchnyie-stazhirovki-v-laboratoriyah-mira/%d2%9baz-%d3%99lem-zerthanalarynda%d2%93y-%d2%93ylymi-ta%d2%93ylymdama-ba%d2%93darlamasy-2024/