Тұрақты даму мақсаттарын (ЦУР) түсіндіруге арналған вебинар өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің құрылым басшылары арасында (ООН ұсынған) тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) бойынша ЮНЕСКО тренері, "Teachers Lab" эксперті және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Халитова Ильдана Ильдархановна арнайы вебинар өткізіп, ғаламдық тұрақты даму мақсатының маңыздылығы, қоғамдағы орны мен адамдар арасындағы іс-шаралардың қажеттілігі жайында кеңінен әңгімеледі. Вебинар барысында адамзатқа ортақ тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолдары, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер арасында насихаттау, динамикалық дамуға қол жеткізу үшін қажетті іс-әрекеттер туралы ой-пікірлер айтылды. Вебинар соңында қатысушылар сұрақ-жауап кезеңін өткізді.