Құрлық экожүйелерін сақтау

17 қазан, 2023

Тұрақты даму мақсатының, онбесінші тармағы құрлық экожүйелерін сақтауға арналған. Бұл мақсат бойынша мемлекеттік стандартқа және оқу жоспарына сай: «6В05102» - Биология, «6В05102» - Биология (НЗМ), «6В05108» -Биомедицина, «6B05109» - Нейронаука БББ, «6В05103» - Биотехнология, «6В05103» - Биотехнология (НЗМ), «6В05110» - Зоология, «6В05101» - Биологиялық инженерия, «6В05107» - Микробиология, «6В05105» - Генетика, «6В08401» - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандықтарының 1 курс студенттері оқу-далалық практикаға шығады.

Ботаника пәні бойынша: Студенттер оқу-далаық практикасында өсімдіктер өсетін биотоптармен танысу. Далалық зерттеу әдістерін игеру, яғни көзбен бақылау, өсімдіктер гербарийлерін жинау және сақтау әдістерін үйрену (этикеткалау, сақтау, тұқымдастарға, туыстарға, түрлерге жататындығын нақты анықтай білу) және далалық күнделікті толтыру, міндеттерін шешеді.

Анықтауыштармен жұмыс жасап үйрену, түрлердің тізімін жасай біліу және жеке биотоптардың ерекшеліктерін білу. Өсімдіктерді жинап гербарийлерді кептіру, сақтау әдістерін үйрену. Негізгі материалды жинайтын құрал-жабдықтарды жасай білу, өзіндік зерттеу жұмыстарының ережесін білу: күнделікті толтыру және есеп беру.

Зоология пәні бойынша: Студенттер оқу-далалық практиканың зерттеу әдістерін игеру: көзбен бақылау, жануарлар санын есепке алу, материалдарды жинау және өңдеу әдістерін (жануарларды фиксациялау, этикеткалау, сақтау, әр биотоптың негізгі омыртқалы және омыртқасыз жануарлар түрін нақты анықтай білу) және далалық күнделікті толтыру міндеттерін шешеді.

Анықтауыштармен жұмыс жасап үйрену, омыртқалылардың түрлік құрамын және омыртқасыз жануарлардың ең жиі кездесетін түрлерін білу. Олардың жазғы уақытта мекендейтін биотоптарын білу. Негізгі материалды жинайтын құрал-жабдықтарды жасай білу, омыртқасыз және омыртқалы жануарларды сою және өңдей білу. Өзіндік зерттеу жұмыстарының ережесін білу: күнделікті толтыру және есеп беру.

Осы міндеттерді орындау тұрақты даму мақсатында жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Практика жетекшісі: Тыныбеков Б.М.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz