ҚАЗҰУ ҮЗДІК ЭССЕ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ

17 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Республика күніне орай үздік эссеге байқау жариялады. Эссе тақырыбы: «Академик С.С.Сартаевтың ғылыми мұрасы».

Байқауға тек заң заң факультетінің студенттері қатыса алады. Жүлделерге ақшалай сыйлық тағайындалады: бірінші орын –100 000 теңге, екінші орын – 75 000 теңге, үшінші орын – 50 000 теңге.

Эссеңізді adilek03@mail.ru  электронды поштасына 2023 жылдың 19 қазанына дейін қазақ немесе орыс тілдерінде жіберуіңізді сұраймыз.

Эссе жазудың талаптары: Файл атауына автордың тегі жазылуы керек. Word мәтіндік редакторында 2-2,5 беттік мақала, шрифті – TimesNewRoman, шрифт өлшемі 14, жол аралығы 1,0; жиектері: сол жақта – 2 см, оң жақта – 2 см, төменгі және жоғарғы жағынан 2 см. Бірінші парақта ортада аты-жөніңізді, университетіңізді, телефон нөміріңізді, төменде 1 интервалмен азат жолдан эссе мәтіні.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін және белгіленген мерзімнен кеш жіберілген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.

Байқау жеңімпаздары 2023 жылдың 21 қазанында өтетін конференцияда жарияланады.

Сұрақ туындаған жағдайда  Д.А.Тұрсынқұлова хабарласа аласыздар, тел: +7707-575-11-75.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі