Ынтымақтастық аясындағы жұмыс сапары

16 қазан, 2023

2023 жылдың 16 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасына Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) жалпы және орыс тіл білімі кафедрасының доценттері С.А.Москвичева мен Е.С. Смолий жұмыс сапарымен келді. Бұл жоба 2008 жылы Ресей Халықтар достығы университетінің бастауымен ТМД-ның серіктес мемлекеттері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында ТМД мемлекеттерінің гуманитарлық серіктестігі мемлекетаралық қорының қолдауымен ұйымдастырылған болатын. Филология факультеті 2011 жылдан бері «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Ресей Халықтар достығы университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Бұл кездесу БҰҰ-ның сапалы білім мен серіктестікті қамтамасыз ету бойынша Тұрақты дамудың 17 мақсатын қолдау үшін, жоғары білім және ғылым саласындағы Мемлекеттік саясат аясында өтті. Кездесу барысында екі университет арасында бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. 2023 жылы осы бағыт бойынша Ресей Халықтар достығы университетіне (РУДН) ҚазҰУ-інен 7 магистрант оқуға түсті. Түлектердің қос дипломды білім беру бағдарламасы (ҚазҰУ және Ресей Халықтар достығы университеті (РУДН)) аясында алған білімдері кәсіби мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.