Қазақстандық брокерлердің «KASE FEST» төртінші жәрмеңкесі ҚазҰУ-нде өткізілді

18 қазан, 2023

 

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебімен бірлесіп, биржаның 30 жылдығы қарсаңында және Exchange Simulator жобасының 15 жылдығында қазақстандық брокерлердің «KASE FEST» 2023 жылғы 16 қазанда сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін тұрақты даму мақсаттары аясында  ТДМ 4: Сапалы білім беру, ТДМ 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», ТДМ 17 – серіктестік тұрақты даму мақсаттары бойынша төртінші жәрмеңке өткізді.

Жәрмеңкеде келесі брокерлік компаниялардың өкілдері болды: «Фридом Финанс» АҚ, «Джусан Инвест» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Standard Investment Company» АҚ. Іс-шараға барлығы 470 қатысушы, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

KASE өкілдері (https://www.facebook.com/KazakstanStockExchange, https://www.instagram.com/kase.kz/), «Самұрық-Қазына» АҚ, «KEGOC» АҚ және брокерлік компаниялар   іс-шараға қатысушыларға қор нарығына инвестициялау, оның ішінде SPO мүмкіндіктері, брокерлік компаниялармен өзара іс-қимыл, «KEGOC» АҚ қызметінің нәтижелері және «Биржалық симулятор» оқыту саудасы туралы айтты.  Қатысушылар шеберлік сабақтар мен ойындарға  қатысып, «Қаржы» мамандығының 3 курс студенттері  Рахметжанова Р, Алимбаев А, Жанұзақ С, Тұрысбай Ұ, Булут А, Тоқтаубай А жүлделі орындарға ие болды.