«KASE FEST» қазақстандық брокерлер жәрмеңкесі

18 қазан, 2023

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының алаңдарында қазақстандық брокерлердің «KASE FEST» жәрмеңкесі өтуде, соның ішінде 2023 жылдың 16 қазан айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен ірі шараға «6В04103-Экономика» білім беру бағдарламасының 3, 4 курс студенттері мен магистранттары қатысты. 

Бұл іс-шара «KASE» компаниясының 30 жылдығына және «Биржалық симулятор» жобасының 15 жылдығына, сондай-ақ жыл сайынғы «Ring the Bell for Financial Literacy» бағдарламасын қолдау және «KEGOC» АҚ SPO акцияларын қосымша орналастыру туралы ақпараттар беру мақсатында өткізілді. 4-мақсат «Сапалы білім беру» – БҰҰ 2030 жылға дейінгі кезеңге белгілеген тұрақты дамудың 17 мақсатының бірі.  

Жәрмеңкеде студенттер «KASE» және «KEGOC» АҚ қызметінің нәтижелерімен танысып, қор нарығына инвестиция салу, оның ішінде SPO мүмкіндіктері туралы көп сұхбаттасты, ойынға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Андабаева Г.К.