Мақсат 12. Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету

16 қазан, 2023

Мақсат 12. Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету

 

2023 жылғы 16 қазанда сағат 11 де, 329 аудиторияда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы "Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеу" тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріске кафедра оқытушылары з.ғ. к., доцент Ашыралиева Баян Советбекқызы, аға оқытушы Есекеева Айнаш Акимсаловна қатысты.

Дәріс барысында Университет білім алушылары мен оқытушылары жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеу және соңғы жылдары осы саладағы тиісті заңнаманы қалыптасу ерекшеліктерімен танысты. Тақырыптың ерекшелігін оқытушы практикалық мысалдармен ашты.

Сондай-ақ, дәрісте БҰҰ алға қойған ТДМ мақсаттарына қол жеткізу үшін негізгі іс-қимылдардың бірі болып табылатын жер ресурстарын тұрақты басқару мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жер климаттың өзгеруі, биоәртүрлілікті сақтау, экожүйе қызметтерін қолдау және сонымен бірге жалпы өркендеу мен әл-ауқатты қамтамасыз ету мәселелерін шешудің негізгі ресурсын ұсынады.

Дәріс тыңдаушылардың шынайы қызығушылығын тудырды және оның қорытынды бөлімінде сұрақ-жауап түрінде, студенттер арасында қызу талқыланды.

Алдағы уақытта кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы жер және экологиялық құқық саласындағы өндірістік тәжірибелі мамандар ашық дәрістер өткізуге шақыруды жоспарлап отыр.