"Жастар арасында парасаттылықты қалыптастыру" тақырыбында "Брейн-Ринг"
17.10.2023 мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы "Жастар арасында парасаттылықты қалыптастыру" тақырыбында "Брейн-Ринг" танымдық зияткерлік ойынын өткізді.
Брейн-ринг студенттердің интеллектуалды дамуы, атап айтқанда, көкжиегін кеңейтетін жаңа ақпаратпен танысу, логикалық ойлауды, коммуникабельділікті, ұжымдық әрекет ету, шешім қабылдау және жасалған таңдау үшін жауапкершілікті өз мойнына алу мақсатында өткізілді.
Ойын 4 кезеңнен тұрды, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімдерін, сондай-ақ парасаттылық қағидаттарына байланысты жағдайларды талдау қабілеттерін белсенді түрде көрсетті.
Қазылар алқасы ретінде "Әділдік жолы" ҚБ өкілдері, сондай-ақ командалардың жауаптары мен талдамалық қабілеттерін бағалайтын құқық саласындағы сарапшылар шақырылды. Қазылар алқасы арасында:
1. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы - Канат Асембаевич Сәлимбаев.
2. "Әділдік жолы" ҚБ Алматы қалалық филиалының директоры - Макулбаев Бауыржан Есенгелдиевич.
3. Комплаенс-офицер-Бегемов Илияс Пернебекович.
Ойын қорытындысы бойынша "брейн-ринг данышпандары" номинациясында көзге түскен "Әділет Бұғаулары" командасы жеңіске жетті.”
Команда құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру саласында жоғары білім мен дағдыларды көрсетті, осылайша өзінің үздік студенттер мәртебесін растады.
Брейн-ринг болашақ заңгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін ,сондай-ақ олардың кәсіби өсуі мен қоғамдағы парасаттылықты қалыптастыруды тереңірек зерттеуге жаңа серпін берді. Қорытындылай келе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің студенттері жастар арасында парасаттылық қағидаттарын дамыту үшін жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі еріктілер қозғалысына белсенді қатысуға ниет білдірді.