«Дербес деректерді құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық қорғаудың ерекшеліктері» атты вебинар

18 қазан, 2023

 13 қазан 2023 жылы №16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» ТДМ тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде қылмыстық құқық, қылмыстық ісжүргізу және криминалистика кафедрасы мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен бірлесіп «Дербес деректерді құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық қорғаудың ерекшеліктері» атты вебинар өткізді, онда модераторлар және спикерлер ретінде з.ғ. д., профессор Рима Еренатқызы Жансараева, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Қуаныш Аратұлы, сондай-ақ спикер, ХАТУ түлегі, BilimLab компаниясының директоры, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының магистрі Сырым Нұртайұлы Жумақадыров, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты, спикер Сымбат Жансериковна Кабулова өзекті баяндамаларымен бөлісті. Ұйымдастырушы – Қуаныш Аратұлы.