ТМД аясында 13 шеңберінде «Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

18 қазан, 2023

2023 жылдың 18 қазан күні Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасында БҰҰ ТМД (13-мақсат: Климаттық әрекет) шеңберінде “Климаттың өзгеруі және оның әсерімен күресу” тақырыбында пікірталас өткізілді. Модератор: Урисбаева Айнур Аманкуловна
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультеті Академиялық комитетінің төрайымы,
SAPA ACADEMY ҚҚ директоры. Вебинарға 304 топ студенттері қатысты. Спикерлер Жанабай Бексұлтан мен Пердебек Тоғжан жаһандық климаттың өзгеру мәселелерін көтерді. Тақырыпты ашу барысында видеороликтер мен слайдтар көрсетілді. Топ студенттері өз пікірлерін ашық түрде жеткізіп, өздеріне мәлім мағұлматтармен бөлісті. Климаттың өзгеруі бойынша өз ұсыныстарын көрсете отырып, климатқа әсер ететін факторларды қорытындылады. Вебинар қатысушыларына үлкен алғыс айтамыз.