ҚазҰУ Баспасөз хатшысы Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

18 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры, оқу ордасының Баспасөз хатшысы, Мәдениет саласының үздігі Қаншайым Мәуленқызы Байдәулет Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталды.

Марапатты Министрдің Баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев табыстады.

Алғыс хатта: «Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласын дамытуға қосқан үлесіңіз бен мінсіз қызметіңіз үшін алғыс білдіремін. Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!», - делінген.

ҚазҰУ Баспасөз қызметінің жұмысын жаңа бағытта үйлестіріп жүрген әріптесімізге табыс тілейміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі