«Желіде құмар ойындардың таралу қаупі» атты республикалық вебинар

20 қазан, 2023

"Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" № 16 ТДМ тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде ҚазҰУ Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Желіде құмар ойындардың таралу қаупі» атты республикалық вебинар өткізді. Модераторлар: Рима Еренатқызы Джансараева – қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор; Қуаныш Аратұлы – PhD докторы, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Баяндамашы-спикерлер: Жақсылық Мырзахан – Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, экономикалық қызметінің майоры; Сымбат Жансериковна Кабулова – криминалистикалық сараптама мамандығы бойынша қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты; Халибати Қалибат – Қытай Шыңжаң университетінің ғылым және технология колледжінің түлегі, заң факультетінің докторанты; Тамерлан Рахметов - Сот сараптамасы мамандығы бойынша қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты. Уақыты: 20.10.2023 жыл.

Ұйымдастырушы – Қуаныш Аратұлы.