ҚАЗҰУ – IAAR EURASIAN UNIVERSITY RANKING 2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНДЕ КӨШБАСШЫ
Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» 2023 университеттердің халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Әзірбайжан және Молдова ЖОО арасында бірінші және үздік университет болып танылды.
Көшбасшылар үштігіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті және Ош мемлекеттік университеті кірді.
IAAR EUR халықаралық рейтингі төрт индикатор негізінде жоғары оқу орындарын рейтингтейді: оқу сапасы (20%), жоғары оқу орнының ғылыми әлеуеті (30%), жоғары оқу орнын халықаралық тану (20%), жоғары оқу орнының академиялық беделі (30%).
IAAR EUR халықаралық рейтингін IAAR әзірледі және жоғары оқу орындары қызметінің сапасын жан-жақты бағалауға бағытталған, IREG (Observatory on Academic Ranking and Excellence) рейтингтерін құрудың халықаралық әдіснамалық стандарттарын, эмпирикалық зерттеулер жүргізу стандарттарын ескереді және жоғары оқу орындарының жаһандық білім беру және әлемдік зерттеу кеңістігіне интеграциялануына ықпал етеді.
IAAR EUR Халықаралық рейтингінің әдістемесі Берлин қағидаттарын сақтауға негізделген: ашықтық, объективтілік, тексерілу және ақпарат көздерінің қолжетімділігі.
ҚазҰУ-дың жоғары рейтингке қол жеткізуі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналудың нәтижесі, сондай-ақ басшылықтың, оқытушылардың, ғалымдар мен білім алушылардың қарқынды жұмысының нәтижесі болып саналады.
Рейтинг қорытындыларымен Агенттіктің сайтына сілтеме арқылы танысуға болады: https://iaar.agency/rating
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі