ТДМ 17: Тұрақты даму мүддесі үшін серіктестік.

20 қазан, 2023

2023 жылы 20 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бішкек филиалының студенттер делегациясы мен профессор-оқытушылар құрамы бас ғимаратқа келіп заң факультетімен танысты. Қонақтар кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасына келіп профессорлық-оқытушылық құрамен танысып, кафедраның тарихынан, оқытылатын білім беру бағдарламаларынан құлақдар болды. Кафедраның тұсаукесерін 2 курс магистранттары Абдрашитов Руслан мен Жаныс Альбина өткізді, олар кафедраның жетістіктері мен оның қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з. ғ. д., проф. Қуаналиева Г. А., доценттер Аширалиева Б. С. және Жугралина Б. М. кафедрада бекітілген аудиториялар бойынша студенттер мен оқытушыларға экскурсия жүргізілді. Кездесу жылы достық жағдайда өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.