ТДМ 8. 2023 жылғы 16-20 қазан аралығында Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есімхановна Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде (Пуатье, Франция) іссапармен жүр.

16 қазан, 2023
2023 жылдың 16-20 қазан аралығында Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есімханқызы және Механика-математика факультеті деканының инновациялық-ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Досжан Нұрсұлтан Сағынайұлы Эразмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде (Пуатье, Франция) іссапармен жүр.  
16 қазанда Пуатье университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Кристин Фернандес-Малуанмен кездесу өтті. Магистратура және докторантура аясында университеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Пуатье университеті 1431 жылы негізі қаланған Франциядағы ең көне оқу орындарының бірі. Ол 2 жоғары инженерлік мектептен (École Nationale Supérieure d’Ingénieurs de Poitiers – ENSIP) және экономика және менеджмент жоғары мектебінен тұрады. Оқыту келесі бағыттар бойынша 7 факультетте жүргізіледі:
• Құқық және әлеуметтік ғылымдар
• Экономика
• іргелі және қолданбалы ғылымдар
• Әдебиет және тіл білімі
• Гуманитарлық ғылымдар және өнер
• Спорт ғылымдары
• Медицина және фармакология