Филология факультетінің студенттері қазақ музыканты және композиторы Нұрғиса Тілендиевтің мұражайында болды.

20 қазан, 2023

    Филология факультеті қазақ филологиясының 101 топ, 1 курс студенттері куратор Мұхамади Құралай Төлегенқызымен кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатты ерекше, әсерлі өткізу үшін қазақтың ұлы күйші, композиторы  Нұрғиса Тілендиевтің музейіне барды. Н. Тілендиев тұңғыш рет қазақтың төл музыкасын төл аспаптарымен оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы, әрі қалай дамытудың тамаша үлгісін көрсеткен тұлға. Музейде Н.Тілендиевтің аспаптарын, ас бөлмесін, кітаптарын, жинақтарын, киген киімдерін көріп, танысты. Тілендіұлы Нұрғиса өзінің барша қабілет – дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды.