Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар

20 қазан, 2023

2023 жылы 20 қазанда №16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» ТДМ тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде қылмыстық құқық, қылмыстық ісжүргізу және криминалистика кафедрасы мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және азаматтық құқық кафедрасымен бірлесіп «Ана мен бала құқықтары» және «Кәмелетке толмағандардың еңбек тәртібін реттеу» тақырыбында вебинар өткізді. Онда модератор Сманова Ақмарал Бахтиярқызы, сондай-ақ спикерлер: қылмыстық құқық, қылмыстық ісжүргізу және криминалистика кафедрасының магистранты Темирхан Аружан Қанатқызы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының магистранты Момыш Дастан Айтбайұлы, азаматтық құқық кафедрасының магистранты Баймуханова Диана Маратқызы өзекті баяндамаларымен бөлісті.