Мереке қарсаңында ашық сабақ өтті

21 қазан, 2023

    Республикасы күні қарсаңында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері Д.С.Толмачева, Е.Р.Игнатова, А.Қ.Ахмедова, А.С.Айтпаева, А.Е.Саденова, Ұ.Е.Мусабекова, Т.В.Курманова Корея, Жапония, Қытай, Америка, Филиппин студенттері үшін танымдық іс-шара өткізді. Ашық кураторлық сағат барысында шетелдік азаматтар мереке тарихы, Қазақстан Республикасы туралы мәлімет алып, өз білімдерімен ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттер оқып жатқан елі туралы білімдерін толықтырды.